Тәуелсіздік жылдарында Алматы облысында 723 әлеуметтік нысан салынды

4 Қазан, 2016 13:39
Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік қолдаудың арқасында Алматы облысында әлеуметтік мақсаттағы 723 нысан салынып, енгізілді, деп хабарланды облыстық әкімдікте.

«100 мектеп, 100 аурухана», «350 дәрігерлік амбулатория» мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың арқасында облыста 17 аурухана мен емхана, 88 дәрігерлік амбулатория мен медпункт салынған. 136 мектеп пен 42 балабақша, 22 спорттық  нысан  салынды, ауылдарда 204 ауылдық Мәдениет үйі, 214 кітапхана ашылды.

Әкімдікте Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау қарсаңында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы-Талдықорған» автомагистральдарын қайта жаңарту жөніндегі ірі жобалар, «Алматы-Талдықорған» магистральды газ құбырының құрылысы аяқталатынын атап өтті. «Талдықорған» индустриялық аймағы іске қосылуда, 41 мектептің құрылысы салынуда, 84 балабақша ашылуда, облыстың 390 елді мекенінде жолдарды абаттандыру мен жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Осы жылы Талдықорғанда бірқатар ірі заманауи объектілер пайдалануға берілгенін де атап өту қажет. Олар – Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, 300 төсекке арналған қалалық көп бейінді аурухана, «Жастар» паркі және Қаратал өзенінің жағалауы.

Барлық жаңалықтар