- Басты
- Жаңалықтар
- Қарашада ЭКСПО-2017 қатысушы елдерге салынып жатқан павильондарды тапсыруға дайын болады
Қарашада ЭКСПО-2017 қатысушы елдерге салынып жатқан павильондарды тапсыруға дайын болады
Сессия барысында тараптар туристік нарықты дамыту идеяларымен бөлісіп, еуразиялық кеңістікте интеграциялық жобаларды дамыту жағдайында екі елдің өзара қарым-қатынасын одан әрі дамыту мәселелерін қарайды.
«ЭКСПО көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтеді. Бүгінгі таңда өзінің қатысатындығын 103 ел, 17 халықаралық ұйым растады. Біз өзіміз бекіткен 100 ел мен 100 халықаралық ұйым шегін асып өттік. Ресей павильоны көрменің қолайлы алаңында орналасқан, жанында ірі сауда орталығы бар. РФ павильон алаңы 1008 шаршы метрді құрайды. Жыл соңына дейін, атап айтсақ, қазанның аяғына дейін барлық құрылыс жұмыстарын аяқтайтын боламыз. Қарашаның алғашқы күндері «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ресми түрде қатысушы елдерге салынып жатқан павильондарды беруге дайын болады», - деді Е.Шорманов.
Оның айтуынша, көрмеге 5 млн адам тамашалауға келмек. Қоғамдық маркетингтік зерттеуге сәйкес, азаматтардың 85 пайызына сауалнама жасалды, 15 пайызы шетелдік болып саналады.
«Бүгінгі таңда отандық компаниялармен туристік компанилар арасында 5 келісімшартқа 74 мың билет алу бойынша қол қойдық. Үш қытайлық компаниямен ҚХР үшін 500 мың билет алу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді ол.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы өтеді. Форумға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысады.Форум аясында іскерлік кеңес өтіп, жалпы құны 25 млрд долларлық келісімдерге қол қойылады деген жоспар бар. Басқосуға Forbes және Global-2000 тізімдеріне енетін ірі компаниялардың жетекшілері шақырылған. Жалпы, қазір екі ел капиталының қатысуымен 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады