- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей өзара шығармашылық ұжымдардың сапарын ұйымдастыру туралы келісті (ФОТО)
Қазақстан мен Ресей өзара шығармашылық ұжымдардың сапарын ұйымдастыру туралы келісті (ФОТО)
Жаңа құжат екі мемлекеттің мәдени, әлеуметтік және гуманитарлық дамуы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қамтитын болады.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қол қою рәсімі алдында айтып кеткендей, аталмыш келісім Қазақстан және Ресей арасындағы екіжақты мәдени байланыстардың жүзеге асуында қосымша тиімді құралға айналады.
Санкт-Петербург Музыка Үйінің көркемдік жетекшісі Сергей Ролдугин өз кезегінде екі елдің мәдени өмірін дамытуда меморандумның ерекше маңызына тоқталып өтті.
Қазақстандық ведомство басшысының пікіріне қолдау көрсете отырып, Сергей Ролдугин өз ісінің нағыз мамандарына жалпы адамзаттық рухани даму жолында көпжақты мәдени ынтымақтастыққа ұмтылыс тән болады. Бұл қасиеттерді ол өзінің қазақстандық әріптестерінде кездестірді.
«Біздің Санкт-Петербург Музыка Үйіміз жас музыканттарды даярлау және қолдаумен айналысып келеді. Ендігі уақытта біз тек ресейлік орындаушыларды ғана емес, қазақстандық таланттарға да қолдау көрсетуді көздеп отырмыз. Қазақ халқының ерекше бай мәдениеті әлемдік мәдениеттің дамуына бағалы үлес қосты. Сондықтан да біз мәдени тұрғыдан өзара әрекеттесіп, өзара рухани байи түсуге міндеттіміз», - деді Ресей өкілі.
Меморандумға сәйкес, тараптар өзара қызығушылық танытатын салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады. Нақтыласак, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Санкт-Петербург Музыка Үйі мәдени, әлеуметтік және гуманитарлық даму бойынша, сондай-ақ өзара тәжірибе және технологиялар алмасу мақсатында ортақ іс-шаралар ұйымдастыратын болады.
Екіжақты әріптестіктің Меморандумда көрсетілген маңызды бағыттарының бірі – қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруда өзара көмек көрсеті болып табылады. Қазақстандық ведомство және Музыка үйі екі мемлекеттің мамандары мәдениет және өнер саласындағы ең өзекті мәселелер мен проблемалар бойынша өзара пікір алмасатын семинарлар мен конференциялар өткізуді көздейді.
Одан басқа, министр айтып кеткендей, Меморандум музыкалық мекемелер мен концерттік ұйымдар, орындаушылар, музыка ұжымдары және мамандар алмасуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы шығармашылық одақтарының арасындағы байланыстардың кеңейе түсуіне ықпал жасайтын болады. Бұл мақсатта тараптар Қазақстан және Ресейде шығармашылық ұжымдар және жетекші орындаушылардың гастрольдерін ұйымдастыруға келісті.
«Сергей Павлович, біздің Министрліке жасаған сапарыңыз үшін сізге алғысым шексіз, өйткені жас дарынды орындаушылардың ашылуына көмек көрсету арқылы сіз әлемдік музыкалық өнердің дамуына қосып жатқан үлесіңіз ерекше екендігі баршамызға белгілі», - деп мәдениет министрлігінің басшысы танымал ресей музыка педагогына алғысын білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды