- Басты
- Жаңалықтар
- Маскатта Қазақстан мен Оман арасында саяси консультациялар өтті (ФОТО)
Маскатта Қазақстан мен Оман арасында саяси консультациялар өтті (ФОТО)
Қазақстандық делегацияны – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов, ал омандық тарапты Оман Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммад Аль-Хассан басқарды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Тараптар консультациялар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты және көп жақты ынтымақтастық мәселелерінің ауқымды топтамасын, сондай-ақ Оман СІМ басшысы Юсуф бен Алауидің Қазақстанға ресми сапарына дайындық барысын талқылады.
Өзекті өңірлік және халықаралық проблемалар бойынша, соның ішінде Қазақстан мен Оманның халықаралық терроризмге қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Осыған орай, тараптар халықаралық және өңірлік ұйымдар мен құрылымдар шеңберінде екі елдің позицияларын үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
«Тараптар Оманның Қазақстан бастамасы бойынша құрылған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылуы бойынша жұмысты жалғастыру туралы келісті», - деп айтылды хабарламада.
Екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жолдарын қарау кезінде болашақ бағыттар ретінде энергетика, ауыл шаруашылығы, ислам банкингі, тараптардың транзиттік-көлік әлеуеті сияқты т.б. салалар атап көрсетілген. Осы салалардағы бірлескен жобаларды пысықтау, өзара инвестицияларды көтермелеу, Қазақстан мен Оманның жеке меншік секторлары өкілдерінің екі елде өткізілетін халықаралық көрмелерге қатысуын ұйымдастыру туралы келісушілікке қол жеткізілді.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Үкіметаралық комиссия құру, сондай-ақ екі жақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту қажеттілігі атап өтілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды