• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі ҚР-да визалық және миграциялық тәртіпті жақсарту бойынша кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі ҚР-да визалық және миграциялық тәртіпті жақсарту бойынша кеңес өткізді

3 Қазан, 2016 18:32
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстандағы визалық және миграциялық тәртіпті одан әрі жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлағандай, кеңес барысында визалық және миграциялық реттеуді жеңілдету, визаларды беру мерзімін қысқарту, сонымен қатар электронды визаларды енгізу және шетелдік азаматтарды тіркеу мәселелері талқыланды.

Аталған шаралар Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың жақсаруына және елімізге тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға ықпалын тигізетін болады.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев өзінің Бірінші орынбасары А.Маминге миграциялық және визалық саясатты одан әрі жетілдіру бойынша нақты шешімдер шығару үшін қажетті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.

2015 жылы Қазақстанда 19 алдыңғы қатарлы елдің: Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Финляндия, Франция, Жапония, АҚШ және басқа да елдердің азаматтары үшін 15 күндік визасыз тәртіп енгізілген болатын. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда сонымен қатар ЭЫДҰ елдері, сондай-ақ БАӘ, Малайзия, Сингапур мен Монако үшін визасыз тәртіп орнатылады.  

 

Барлық жаңалықтар