- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы уақытылы таңдалды – Индонезия елшісі
ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы уақытылы таңдалды – Индонезия елшісі
«Индонезия Қазақстан 2017 жылы көрме өткізу құқығы үшін күрескен кезде оған қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Индонезия көрме үшін таңдалған «Болашақтың энергиясы» тақырыбын ерекше атап өтті. Қазіргі уақытта мұнай бағасының күрделі өзгерістері орын алуда, бұл әр түрлі елдердегі экономикалық жағдайға едәуір әсер етеді. Сондай-ақ, елдердің БҰҰ көмірқышқыл газының шығарылымдарын қамтитын климаттың өзгеруі жөніндегі конвенциясы шеңберінде өзіне алған міндеттемелері мен қоршаған ортамен байланысты басқа да бірқатар міндеттемелерін айтпай кетуге болмайды. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы өте заманауи. Көрмеге келетін елдер тәжірибемен, үздік практикамен алмаса алады. Тақырып сәтті таңдалды деп ойлаймын», - деп санайды Ф.Гултом.
Дипломат атап өткендей, Индонезия топаралдағы ең ірі ел болып табылады.
«Индонезия ЭКСПО-2017 тақырыбына қызығушылық білдіреді. Индонезияда биомасса өндіретін ормандардың көп көлемі өседі, сондай-ақ бізде геотермиялық көздер де бар. Одан басқа, жел энергиясы мен күшею және азаю энергиясын көрсету мүмкіндігі бар. Біздің елімізде «жасыл» энергияны дамыту әлеуеті жоғары және осының барлығын біз өз павильонымызда көрсетеміз. Біз дамудағы тәжірибемізбен бөліскіміз келеді. Сонымен бірге, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін біріктіруді де қалаймыз», - деп қосты елші.
Ботагөз Айтжанова
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды