- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 300-ге жуық мемлекеттік қызметкер заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды
ҚР-да 300-ге жуық мемлекеттік қызметкер заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Мемлекеттік органдардың қызметіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау қызметін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақты бөлімшелерімен ағымдағы жылы 189 ішінара тексеру жүргізілді.
Бұл ретте, Агенттіктің орталық аппараты тарапынан ұлттық экономика, әділет, инвестициялар және даму министрліктері және олардың бірқатар комитеттерінің қызметтеріне талдау жүргізілді.
Тексеру барысында заңнаманың, сондай-ақ, стандарт пен регламенттердің нормалары жүйелі түрде бұзушылықтарға жол беретіндігі анықталды.
Олар қызмет көрсетуші тарапынан қосымша құжаттарды талап етуі, негізсіз бас тартуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін созу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өтініш пен құжаттар топтамасын өздігінен тапсыруға мүмкіндіктің жоқтығы, бизнес-процестердің сәйкессіздігі, шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы, қызмет алушылардың құжаттары толық болмағандығына қарамастан мемлекеттік қызметті көрсету және т.б. бұзушылықтар.
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан тиісті іс-шаралар жоспарлары әзірленді.
Сонымен қатар, Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 175 шағым түскен, олардың негізінде 79 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Аталған жұмыстың нәтижесінде 48 шағым иелерінің дәлелдері расталып, 33 қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.
Орын алған заңнама бұзушылықтар үшін мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының 291 қызметкері әртүрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.
Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері тарапынан енгізілген ұсыныстардың орындалуы бойынша мониторинг пен бағалау жүйелі түрде жүргізілетін болады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды