- Басты
- Жаңалықтар
- Иран туризмді дамыту мақсатында Месхед-Шымкент әуеқатынасын ашуды жоспарлауда (ФОТО)
Иран туризмді дамыту мақсатында Месхед-Шымкент әуеқатынасын ашуды жоспарлауда (ФОТО)
Кездесуде қос тарап екіжақты қарым-қатынасты жақсарту мен іскерлік байланыс орнату мәселелері жəне Қазақстанда жасалмайтын тауарларды өндіру мақсатында біріккен кəсіпкерлік құру жайын талқылады.
Облыс әкімі мәртебелі мейманды Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, иран компанияларын әріптестікке шақырды.
Мұнан соң, облыс əкімі мен елші Иранның Хорасан облысының кәсіпкерлері ұйымдастырған тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты. Иран кәсіпкерлері Қазақстанға екі елдің өңірлері арасындағы туризмді дамыту мақсатында Месхед-Шымкент әуеқатынасын ашуды ұсынды.
Айта кетейік, бүгінгі көрмеде ирандық 97 кәсіпкер күнгейліктерге тоқыма және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау салалары бойынша өндірген өнімдері мен кір жуғыш ұнтақтарын ұсынуда.
Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасы Қазақстанның стратегиялық маңызды халықаралық әріптестерінің бірі болып табылады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша қос ел арасындағы сауда-саттық көлемі 700 млн. АҚШ долларына жеткен.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде