- Басты
- ҚР-да Қазақстан-Қытай газ құбырының компрессорлық техникасы енгізілді
ҚР-да Қазақстан-Қытай газ құбырының компрессорлық техникасы енгізілді

Осы объектілердің жұмысы «С» желісінің өткізу қабілетін жылына 20 млрд. текше метр газға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Барлық үш «А», «В» және «С» желілерінің жиынтық өнімділігі газ тасымалдау жөніндегі заманауи, жоғары технологиялық жабдықтарды білдіретін барлық компрессорлық станциялардың құрылысы аяқталғаннан кейін жылына 55 млрд. текше м-ге жетеді, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Жаңа компрессорлық станциялар ҚР газ тасымалдау жүйесі үшін «Rolls-Royce» және «General Electric» компанияларының әлемдегі жетекші газтурбиналық және компрессорлық техникасын өндірушілерден алынған инновациялық жабдықпен жарақталған.
Орнатылған газ айдаушы агрегаттар «ҚазТрансГаз» АҚ-ның арнайы тапсырысы бойынша орындалған әрі таяу және алыс шет елдерде аналогы жоқ. Инновациялық жабдық, сондай-ақ көмекші жүйелер кешені магистральдық газ құбыры пайдаланылатын бүкіл кезең ішінде қауіпсіз және технологиялық үздіксіз газ тасымалдауды қамтамасыз ете алады. Бұдан басқа, агрегаттарды әзірлеу кезінде экологиялық құрауышы да ескерілді, компрессорлық станциялар зиянды заттардың атмосфераға барынша аз шығарылуын қамтамасыз ететін құрғақ шығарындыларды басатын жүйемен жарақтандырылған.
Жаңа бағдарламалық әзірлемелерді қолдану жолымен 4 және 8-компрессорлық станцияларды іске қосу қашықтықтан қатынасу арқылы смартфонның көмегімен жүзеге асырылғанын ерекше атап өткен жөн.
«С» желісінің пайдалануға берілуі және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының 3 желісінің жұмыс істеуі – тәуелсіз Қазақстанның тарихында ең ірі халықаралық газ тасымалдау жобасы болып табылады.
«Қазақстан-Қытай» МГҚ жалпы ұзындығы 7,5 мың км-ден астам «Түрікменстан — Өзбекстан – Қазақстан — Қытай» трансұлттық магистральдық газ құбырының құрамдас бөлігі болып табылады. «Қазақстан — Қытай» магистральдық газ құбыры «С» желісінің ұзындығы 1303 км. құрайды.
-
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына қандай шектеу шаралары енгізілді
-
Е.Алтынбеков: Жамбыл облысында адвокаттар саны артып, нотариус қызметіне өзгерістер енгізілді
-
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қандай өзгерістер енгізілді
-
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі
-
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
-
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім
-
COVID-19: Әлем мемлекеттерінде желтоқсанға дейін карантин енгізілді, Д дәруменінің коронавирусқа әсері
-
Ақтөбе облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасты
-
Мұнай және газ жер қойнауларын аукционда қалай сатып алуға болады
-
Ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету қалай жүзеге асады
-
Электронды кітапхана, концерттік қызмет, көркемдік кеңес қызметіне қандай өзгерістер енгізілді
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңға қандай түзетулер енгізілді
-
Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия беру тәртібіне қандай өзгерістер енгізілді

