• Басты
  • Қарағанды облысы ЭКСПО-2017 нысандарын салу бойынша 23 келісімшарт бекітті
4 Қазан, 2016 09:34

Қарағанды облысы ЭКСПО-2017 нысандарын салу бойынша 23 келісімшарт бекітті

ЭКСПО-2017 нысандарын салу бойынша Қарағанды облысының кәсіпорындары құны 8,6 млрд. теңге болатын 23 келісімшарт бекіткен, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысы ЭКСПО-2017 нысандарын салу бойынша 23 келісімшарт бекітті

Облыстың өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, өңірдің 21 кәсіпорны келісімшарт жасауға қатысқан. «КЗМК-Имсталькон» ЖШС металл конструкцияларын дайындау және жеткізу бойынша, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Теміртау Қазмеханомонтаж №2» ЖШС (металл құрастырылмдары) және «Гранит» ПК ірі келісімшарт жасады.

Сонымен бірге, қарағандылық өндірушілер ЭКСПО нысандарының құрылысшыларына бетон өнімдерін, жылу радиаторларын, құбырлар, құрылыс қоспаларын, лак және бояу өнімдері мен өрт сөндіру жүйелерін жеткізеді.

ЭКСПО-2017 нысандарына отандық құрылыс материалдарын жеткізу көлемі бойынша Қарағанды облысы елімізде екінші орында тұр.

«Бастапқыда ЭКСПО өткізуге дайындық жұмыстары бойынша біздің облыс құрылыс материалдарын жеткізу және жобалаумен айналысты. Ал, бүгінгі таңда көрмені ақпараттық қолдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, туристік бағыттар мен жол бойындағы сервисті дамыту, еріктілерді дайындау жұмыстарын атқаратын деңгейге жеттік», - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Жиналыс қорытындысы бойынша, облыс әкімі туристік операторлармен және ЭКСПО нысандарын салу бойынша жұмыстарды жалғастыру туралы бірқатар тапсырмалар берді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды