- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол»: 2016 жылдың соңына дейін Бейнеу-Ақтау автожол учаскесінің қозғалысы ашылады
«Нұрлы жол»: 2016 жылдың соңына дейін Бейнеу-Ақтау автожол учаскесінің қозғалысы ашылады
Оның 100 шақырымы республикалық бюджет есебінен жасалып жатса, қалған 370 шақырым жолдың құрылысы Азия Даму Банкі мен республикалық бюджет арқылы қаржыландырылады.Жобаны жүзеге асыруда Азия даму банкінің займ қаржысы есебінен 2 учаскеде жұмыс жүргізілді. Бірінші учаске «Шетпе – Разъезд №10» бойынша 200 шақырым және «Сай Өтес – Манашы ө.» учаскесі бойынша 2014 жылдың соңында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған болатын.
«Ақтау – Шетпе» екінші учаскесі бойынша қашықтығы 170 шақырым болатын жолды қайта жаңғырту жұмыстарын «ДженгизИншат» (Туркия) мердігер ұйымы 2015 жылы бастаған еді. Бұл жұмысты Австралияның «СМЕК Интернэшнл» компаниясы «Сапа СЗ» ЖШС қауымдастығымен бірге бақылауда. Автожол құрылысын 2017 жылы толық аяқтау жоспарланған. Бүгінгі таңда 145 шақырым жолдың асфальтті бетон жабынының төменгі қабаты төселді. Сонымен қатар, 2 көпір мен 3 жол өтпесінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Биыл «Ақтау-Бейнеу» учаскесінің барлық бөлігінде қозғалыс ашылады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына 2400 адам тартылған, оның 59-ы шетелдік маман. Құрылыс материалдарының 85% Қазақстанда шығарылған. Атап айтқанда, битумды - «Каспи Битум» ЖШС-і (Маңғыстау облысы), цементті – «Каспи Цемент» ЖШС-і (Маңғыстау облысы) өндіреді. Ал темір-бетон бұйымдары Ақтөбе мен Алматыда жасалған.
Республикалық маңызы бар А-33 «Атырау–Актау» автокөлік жолы Маңғыстау облысының теңіз портын еліміздің басқа аймақтарымен байланыстыратын жалғыз автокөлік бағыты болып табылады. Сонымен бірге, ОААЭЫ (Орталықазиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық) дәлізінің негізгі учаскесі ретінде үлкен транзиттік әлеуетке ие.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Автожолдың ахуалы қандай -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін