Ақтөбеде шетелдік хирургтер 35 ота жасайды

3 Қазан, 2016 17:16
Ақтөбеде алдағы 4 күнде шетелдік хирургтердің қатысуымен 3D технология арқылы 35 күрделі ота жасалады, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

 Ақтөбеге Қазақстанның барлық білікті  хирургтері мен Оңтүстік Корея, Ресей, Украина, Грузия, Литваның  жоғары санатты мамандары ат басын тіреді. Төрт күн ішінде, яғни  2-6 қазан аралығында облыстық орталықта  шеберлік сыныптары мен эндоскопиялық хирургтердің 6 халықаралық съезі өтеді.

«8 шеберлік сыныбы мен 35 күрделі ота өткізіледі. Оның ерекшелігі Қазақстанда алғаш рет 3D технологияны қолданумен ота жасалмақ. Сондай-ақ, бүгін пациентке бауырдың жарты бөлігі алуды лапараскопиялық технологияны қолдану арқылы ота жасалды. Осы сынды оталар ҚР-да алғаш рет жүзеге асырылып жатыр. Ол үшін бізде барлық қондырғылар жасақталған», - деді Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев.

Мамандардың айтуынша, бұл тек инновациялық әдістерді енгізіп қана қоймай, ақтөбелік хирургтердің біліктілігін арттырады. 

Барлық жаңалықтар