• Басты
  • Жаңалықтар
  • М. Қарымсақов: Қазақстанның жетістіктерін барлық әлемдік қауымдастық таныды

М. Қарымсақов: Қазақстанның жетістіктерін барлық әлемдік қауымдастық таныды

4 Қазан, 2016 08:52
Қазақстан елді дамытуға бағытталған маңызды халықаралық бастамаларды іске асыруда өзіне назар аудартуда. Біздің еліміздің жетістіктерін бүгінгі таңда барлық әлемдік қоғам таныған. Бұл жөнінде G-Global халықаралық хатшылығы басшысының бірінші орынбасары Мұрат Қарымсақов өзінің Strategy2050.kz АҚ берген сұхбатында айтып өтті.

«Осы жылы біздің тәуелсіздігіміздің маңызды жылы күтілуде. Бүгінгі таңда Қазақстанның жетістіктерін барлық дүниежүзілік қоғам таныған. Біз осы жылдықты атап өте отырып, Қазақстанның біздің елімізді әлеуметтік-экономикалық дамытудағы рөлін ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымын қоса алғанда, маңызды халықаралық ұйымдар арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелерін нығайтуға қосқан үлкен үлесін айта аламыз», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан елді дамытуға бағытталған маңызды халықаралық бастамаларды іске асыруда өзіне көп көңіл аудартады. Мұндай іс-шаралар арасында «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізу бар.

«90 күн ішінде ЭКСПО-2017 ШЫҰ халықаралық ұйымына кіретін барлық мемлекеттердің табыстары мен жетістіктері көрсетіледі. Бұл ұйымның әлеуеті – еуразиялық континенттің шамамен  60%-ға жуығы және жер шарының жартысынан астамы, сәйкесінше, осы ұйымның даму болашағы өте үлкен», - деді сарапшы.

Сонымен бірге, М. Қарымсақов атап өткендей, «жасыл» экономиканы іске асырудың басты құралы ретінде «Жасыл көпір» әріптестігін іске асыру, жасыл технологиялар трансферті халықаралық орталығын құру сияқты бастаманы ілгері жылжыту және мақұлдау сияқты маңызды бастамаларды және өзге де бірқатар бастамаларды дүниежүзілік қоғамның тануы Қазақстанның беделі мен көшбасшылық рөлі туралы айтады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар