- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин: Қазақстан мен Финляндияның парламентаралық ынтымақтастықты нығайту әлеуеті зор
Н.Нығматулин: Қазақстан мен Финляндияның парламентаралық ынтымақтастықты нығайту әлеуеті зор
Тараптар екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық үнқатысуды нығайту мәселелерін талқылады.
Мәжіліс Спикері аталған кездесудің екі мемлекеттің тарихи кезеңімен сәйкес келіп отырғанына назар аударды. Яғни, биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 25 жыл толса, келер жылы Финляндия тәуелсіздігіне 100 жыл.
Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Финляндия – Қазақстанның барлық деңгейде сындарлы үнқатысуға қол жеткізген сыртқы саяси және экономикалық әріптесі.
Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 467 млн. АҚШ долларын құрады. Ал, 2005-2015 жылдарда Қазақстан экономикасына аталған елден құйылған инвестиция көлемі 287 млн. долларға жетті.
“Ұлт Жоспарын және ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы ауқымды шараларды жүзеге асыру барысында инновациялық дамуды заңнамалық қамтамасыз ету, білім жүйесін жетілдіру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ғылыми және іскер ортаның ынтымақтастық тетіктерін дамыту мәселелерінде финдік әріптестеріміздің тәжірибесіне қызығушылық жоғары”,-деді Мәжіліс Төрағасы.
Қазан айында Мәжіліс делегациясы Финляндияға ресми сапармен барады деп жоспарланған. Н. Нығматулин Хельсинкиде өтетін бұл кездесудің маңызды салалар бойынша екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Өз кезегінде елші Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде толағай табыстарға қол жеткізгенін атап өтті. Сондай-ақ, инвестициялық үрдістерді нығайтуда мемлекеттер парламенттерінің де ықпалы зор екенін назардан тыс қалдырмады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды