• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан БЭК негізінде өнеркәсіптердің санын арттыратын болады – Бектұрғанов

Қазақстан БЭК негізінде өнеркәсіптердің санын арттыратын болады – Бектұрғанов

3 Қазан, 2016 12:31
Қазақстан БЭК негізінде өндірістің санын ұлғайтатын болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов «Париж келісімінің ратификациясы туралы» заң жобасын қараудың жұмыс тобында айтты.

«Көліктер саны көбейді, зауыттар мен фабрикалар ауаны ластап жатыр.  Ауа райы құбылмалы  бола түсті. Кей  жаңбыр болған  өңірлерде  құрғақтық белең алып, кейбір өңірлерде су басу  болып жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімдері  жойылып жатыр, осыған орай өндіріс  түрлері азаюда. Ауыл шаруашылығын дамыту  азық-түлікке байланысты,  бүгінде әлемде  қажетті азық-түлікке қол жеткізе алмай отыр», - деді Е.Бектұрғанов.

Заң жобасын әзірлеушілер айтқандай, Қазақстан Париж келісімін ратификациялаған жағдайда  халықаралық деңгейде әсер етіп, ЭКСПО-2017  алдында саяси көрегендігін нығайтады.

«Бүгінде «Қазқастан-2050» Стратегиясында Қазақстанда болашақта  жасыл экономиканы дамыту жүзеге асырылатыны айтылады. Бұл энергияның баламалы көздері, жел, күн электр станциялары мен су ресурстарының  қолданылуы болып табылады.Қазақстан өз мүмкіндігінше атмосфераға қалдықтарды шығармауға тырысады», - деді ол.

Қазақстан 2015 жылы 12 желтоқсанда Париж қаласында Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптарының 21-конференциясының қорытынды құжатының қабылдануын құптайды. БҰҰ-ға мүше 196 мемлекеттің делегаттары ауқымды жұмыс атқарды және қазіргі заманғы қауіптер мен сын-қатерлер алдындағы бірлігін тағы да көрсетті. 

Заң жобасы жұмыс тобымен қаралып,  халықаралық қорғаныс, қорғаныс және қауіпсіздік  комитетіне бағытталды. Шешім қабылданған соң  комитет Парламент Мәжілісіне құжатты бағыттайды. 

Барлық жаңалықтар