- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ӘТК корабльдері Каспий теңізінің қазақстандық секторы бойынша жиын-жорықты аяқтады (ФОТО)
ҚР ӘТК корабльдері Каспий теңізінің қазақстандық секторы бойынша жиын-жорықты аяқтады (ФОТО)
Жиын-жорықтың мақсаты Каспий теңізінің қазақстандық секторында қолайлы жедел режімді ұстап тұру болып табылады.
Жиын-жорықты жасау кезінде ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері, яғни, «Сарыарқа», «Орал» және «Қазақстан» зымыран-артиллериялық корабльдері 7 күн бойы шекара маңындағы су аумақтары бойынша Каспий теңізі қазақстандық секторының барлық су айдынын жүзіп өтетіндігімен ерекше болып табылады.
Жиын-жорықты өткізу барысында корабльдер теңізге өтуде корабльдің әуе шабуылына қарсы қорғанысын ұйымдастыру, корабльге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастыру, біртекті корабльдердің жалғануы құрамындағы орағыту, АК-306, 23 мм ЗУ-23-2 мен 12,7 мм «Утес» НСВП 30 мм артиллериялық қондырғыдан теңіз нысаналары бойынша практикалық оқ атуларды өткізу және корабльді қорғаудың барлық түрлерін ұйымдастыру секілді тапсырмалар пысықталды.
«Мен алғаш рет экипаждың ұйымдасқан және үйлесімді іс-әрекетінің куәгері болдым», - деп «Орал» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы құрамында теңізге алғаш рет шыққан 2016 жылдың түлегі лейтенант Есбол Әбілқайыров атап өтті.
«Бас қолбасшының қойған барлық тапсырмалары орындалды. Практикалық оқ атуларда барлық нысаналар жойылды», - деді корабльдердің жиын-жорығындағы жетекші 29011 әскери бөлімінің командирі 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков.
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы корабльдердің жиын-жорығы ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы вице-адмирал Жандарбек Жанзақовтың басшылық етуімен өткенін естеріңізге сала кетейік. Корабльдердің жиын-жорығы жылына бір рет өтеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы