Премьер-Министр Астанадағы арнайы ХҚКО-на барды

4 Желтоқсан, 2013 17:10
Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді ХҚКО-ның қарамағына беру жөніндегі Ел басының тапсырмасы шеңберінде қыркүйек айында пилотті режимде іске қосылған Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы ХҚКО-нда астаналықтар жүргізу құқығына емтиханды тапсырып, жүргізуші куәлігін алады, сонымен бірге автокөлікті тіркеуден және қайта тіркеуден өткізеді», - делінген хабарламада.

Бизнес-процесстердің автоматтандырылуы және деректер қоры мен мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің бірігуі арқасында жүргізуші куәлігін алуға орташа 2 сағат, ал автокөлікті тіркеуге – 1,5 сағат уақыт кетеді.   

Осы қызметтерді көрсету уақытының қысқартылуына аларманның оларды алудағы қажет рәсімдерді ХҚКО аумағында өтетіні сонымен қатар ықпалын тигізді. Атап айтқанда, арнайы ХҚКО жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық емтиханды тапсыруға арналған класспен және жүргізуші куәлігін алуға үміткер тәжірибелік емтиханды тапсыратын интеллектуалды автодроммен жабдықталған. Көлік құралын жүргізу икемділігін бақылайтын және бағалайтын электрондық жүйе бұйрық беріп, емтиханды өту барлық кезендерін датчик көмегімен тіркейді. Қорытынды баға автоматы түрде белгіленеді.    

Автокөлікті тіркеу/қайта тіркеу кезіндегі агрегаттарды салыстырып тексеруді де Орталық аумағында өтеді. Ол үшін жеңіл және ауыр жүк автокөліктеріне арнайы ангарлар қарастырылған.   

Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында міндеттер қатаң бөлінген: ХҚКО-ның қызметкерлері тек қана құжатты қабылдауда, ал жол полициясының қызметкерлері – көлікті тіркеу туралы және жүргізуші куәлігін жасау барысында  әрекет жасайды.

Астаналық арнайы ХҚКО-ның жұмыс жасауынан бері 3689 жүргізуші куәлігі беріліп, 17 мыңнан артық автокөлік құралдары тіркеуден өткізілді. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар