- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 87 кандидатты тіркеді - ОСК
2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 87 кандидатты тіркеді - ОСК
Сайлау науқанының барысында 101 кандидат ұсынылды, олардың 31-ін саяси партиялар, 70-сі өзін-өзі ұсынды.Ұсынылған кандидаттар санында 83 (82,2 %) ер адам және 18 (17,8 %) әйел адам.
31 кандидат Қазақстан Республикасының саяси партияларының мүшесі болып табылады, 50-і партия қатарында жоқ, 20-сы партияға тиесілігін көрсетпеген.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 6 ұлттың өкілі бар.Орташа жас – 41 жас.84 (83,1 %) кандидаттың жоғары білімі, 12-сінің (11,9 %) орта кәсіптік білімі және 5-еуінің (5 %) орта білімі бар.
Кандидаттардың 43,6 %-ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда; 41,6 %-ы коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 12,8 %-ы саяси партиялар мен ҮЕҰ-ның қызметкерлері; 2 %-ы жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.
“Қазіргі уақытта мәсихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркеу 4 қазанда, ал Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында 5 қазанда аяқталады”, - делінген хабарламада.
2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 87 кандидатты тіркеді.Тіркеу мерзімі аяқталған соң тіркелген барлық кандидаттар 28 қазан күнгі 24.00 сағатқа дейін жүретін сайлауалды үгітке кіріседі.
15 қазаннан бастап сайлау болатын округтердің сайлаушылары учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдерімен танысып, олардағы өзі туралы мәліметтерді тексеріп және онда жіберілген дәлсіздектерді анықтаған жағдайда, түзетулер енгізе алады.
Сайлау науқаны қажетті қаржылық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілген және сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтуде.Орталық сайлау комиссиясына шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді