- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмендеді
СҚО-да сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмендеді
Кеңеске мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен қоғам өкiлдерi қатысты. Видеконференция режiмiндегi iс-шараға облыс аудандарының өкiлдерi қатысты.
Кездесу басында сөз сөйлеген Ерiк Сұлтанов бүгiнгi таңда Солтүстiк Қазақстан облысында өткiзiлiп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-шаралар кешенiне тоқталып өттi.
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы және жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы көлеңкелi экономиканы болдырмау стратегиясын жүзеге асыру аясында әкiмшiлiк-территориялық бiрлiк әкiмдерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведосмствоаралық комиссия жұмыс iстейдi. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында елiмiзде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат табысты жүзеге асырылуда. Жемқорлықтың алдын алу мен оны туындататын жағдайларды болдырмау маңызды», — дедi облыс әкiмi.
Өз кезегiнде Алик Шпекбаев жемқорлықпен күрестiң әлемдiк тәжiрибесi, жемқорлыққа қарсы заң нормалары, жазалау шаралары жөнiндегi толық ақпаратпен бөлiстi.
«Бұрындары бiз жемқорлықтың салдарымен күрескен болсақ, бүгiнде алдын алу шараларына баса назар аударамыз. Бiздiң мiндетiмiз — мемлекеттiк қызметкерлер, тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. Қоғам жемқорлықты жоюға жаппай жұмылғанда ғана жеңе алады», — дедi ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.
Сондай-ақ, Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлық бойынша жүргiзiлген әлеуметтiк сауалнама нәтижесiне сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы соңғы орында екенiн атап өттi.
Статитстикалық мәлiметтерге сай СҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметiнiң қорытындысы бойынша былтырғы жылы 96 қылмыс тiркелсе, биыл олардың саны 67-нi құраған. Бұдан бөлек, жиналыс барысында iрi сыбайлас жемқорлық фактiлерi туралы видеосюжеттер көрсетiлдi.
Жиналыс соңында СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов Алик Шпекбаевқа отырыс жұмысына қатысқаны және мазмұнды, пайдалы ақпартпен бөлiскенi үшiн алғысын бiлдiрдi.
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің маңызы -
Сыйлық алғаны үшін мемлекеттік қызметкерлер ірі көлемде айыппұл төлейді