- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысы сыйымдылығы 70 мың тоннадан астам екі элеватор салынуда
Ақмола облысы сыйымдылығы 70 мың тоннадан астам екі элеватор салынуда
Жарқайың ауданының экономикасында құнарлылығы жоғары бидай өндірісі негізгі салалардың бірі болып табылатын ауыл шаруашылығы аса зор маңызға ие.
Жарқайыңдық диқан қауымы облыста алдыңғылардың бірі болып астық науқанын табысты аяқтап 600 мың гектар егіс алқабынан 12 центнерден айналған бітік өнімді уақытында қамбасына құйып алды.
Ауыл шаруашылығы дамыған аудан үшін егін орағының аяқталуы аса бір маңызды оқиғалардың бірі екені жасырын емес. Астық ору басталғанға дейін жешөп әзірлеу де сәтімен аяқталған.
Астық оруда әрине бірінші кезекте комбаин паркінің техникалық әзірлігін сақадай-сай еткен диқандар ғана жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Астық ору техникасы биыл аудан бойынша 932 бірлікті құрады. Ауыл шаруашылығы техникасының жаңарту тиімділігі мен қажеттілігі шаруа қожалықтарын бұрыннан алаңдатқан.
Осы қағиданы берік ұстанған «Ақтөбе-О», «Агропромтехника», «Тұқым Агро», «Торғай нан өнімі», «Жер-1», «Диқан-4» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Атай», Теміртау», Саян» «Ата-1» шаруа қожалықтары алдыңғы қатардан көрінді.
Күні-түні тыным таппай әрбір ашық күнді барынша пайдаланып, бітік астықты шашау шығармай жинаған диқанның еңбегі жанды. Осылайша Елбасының тікелей елді азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жарқайыңдықтар абыроймен орындады.
Әрине егінді жинаумен қатар оны сақтап келесі егін орағына дейін жеткізу де бар екені рас. Ол үшін жоғары сапалы тұқым қорлары мен сұрыптары дайындалып, пар жерлер жыртылған. Ал астықтың сақталу мәселесіне енді алаңдамаса да болады. Өйткені келер жылдан бастап жарқайыңдықтар астығын үш бірдей элеваторда сақтамақ ниетте. Сонымен қатар қойма жайлары да сақадай-сай. Өкінішке орай өткен жылдары астықтың сыймауына байланысты шығын мөлшері зор болған. Енді бұл мәселе түбегейлі шешілді десе де болады, - дейді диқандар.
Бұл мақсатта Державинск қаласында жалпы сыйымдылығы 60 мың тоннадан астам «Алтын дән KZ» және сыйымдылығы 10,5 мың тоннаны құрайтын «КS Инвест» ЖШС-нің элеваторлары салынуда. Ал Тасты-Талды ауылында қуаты 120 мың тоннаға дейін жететін «Агро-Нұр Азия» ЖШС-і элеваторы да қайта құрылуда.
Бұл жобаларды жүзеге асыру диқандардың элеваторларға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, астық тапсыруда адал бәсекелестікті құратыны айқын.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді