• Басты
  • Жаңалықтар
  • Солтүстік Қазқастанда елдi мекендердi абаттандырудың бағдарламасы іске қосылады

Солтүстік Қазқастанда елдi мекендердi абаттандырудың бағдарламасы іске қосылады

1 Қазан, 2016 10:03
Үш айлық науқан аясында 49,7 мың ағаш, 22,4 мың түп бұта отырғызылған, 48,2 мың шаршы метр гүлзар тазартылды, деді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысының мiндетiн атқарушы Тасмұрат Қатқадамовтың облыстың әкімдік отырысында.

Науқан барысында 4 мыңнан астам көше мен 1 375 бiлiм беру мен әлеуметтiк сала ғимараттарының, 96 187 аула, 415 саябақ және гүл бағының, 70 демалыс орны мен жағажай аумағы тазартылған.

«Үш айлық науқан аясында 49,7 мың ағаш, 22,4 мың түп бұта отырғызылған, 48,2 мың шаршы метр гүлзар тазартылды. Ағаш түптерiн ақтау мен көгалдарды қайта бояу жұмыстары жүргiзiлдi. «Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күнi» акциясы және «Отбасы аллеясын» құру аясында облыс аудандарындағы және Петропавл қаласындағы 20 аллеяда 4026 ағаш отырғызылды. Онда 145 адам қатысты, сондай-ақ 6,25 гектар орман алқабына 22 мың ағаш отырғызылды», — дедi мекеме басшысының мiндетiн атқарушы.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы республикалық бюджеттен елдi мекендердi абаттандыру жұмыстарына үшiншi траншпен 1,6 млрд. теңге бөлiндi.

Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов облыс әкiмiнiң орынбасары Антон Федяевқа және аудан әкiмдерiне СҚО-да елдi мекендердi абаттандыру жөнiнде бағдарлама даярлауды тапсырды.

«Екi апта мерзiмiнде аталған бағдарламаның қандай болатынын, қандай ресурстарды қажет ететiнiн анықтаңдар. Бастысы, ввтокөлiк жолдарын жөндеу, ағаш отырғызу, балаларға арналған спорт алаңын ұйымдастыру, жарықтандыру жұмыстар әрбiр елдi мекендi қамтуы қажет», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.

Жиналыста қаралған келесi мәселе — облыстың мәдени саласының жай-күйi мен даму барысы.

Бұл саланың ағымдағы жағдайы жөнiнде мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Рустам Бикенов ақпарат бердi.

«Облыс орталығында республикалық бюджеттен бөлiнген 56,8 млн. теңге қаражатқа «Янгуразов көпесiнiң үйiнде», 22,6 млн. теңгеге Юзефович көпесiнiң үйiнде (көркем өнер мұражайы) жөндеу, қайта жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Қалпына келтiру жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейiн аяқтау жоспарланған. «Муратов көпесiнiң диiрменi», «Ағайынды Овсянниктер мен Ганьшин дүкенiнде» ғимарат қолданушыларының өз қаражатынан жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде», — деп хабарлады Рустам Төлегенұлы.

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов барлық мүдделi мекемелерге тарихи ғимараттарды сақтау мақсатында сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргiзудi тапсырды.

 

 

Барлық жаңалықтар