- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында жұмыскерлерге арналған 500 орындық жатақхана салынады (ФОТО)
Маңғыстау облысында жұмыскерлерге арналған 500 орындық жатақхана салынады (ФОТО)
Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде өңірде 32,9 мың орынды жалпы білім беретін мектептер, 26 мың орынды мектепке дейінгі ұйымдар, 1290 төсекті аурухана мен кезеңіне 1857 адамды қабылдайтын амбулаторлық-поликлиникалық ұйымдар іске қосылды. Осы жылы білім саласының бюджеті 48 млрд. теңгені, денсаулық сақтау саласы 21 млрд. теңгені құрады.
«Мәселен, бүгінгі таңда облыстағы мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен 80% бала қамтылып отыр, 2010 жылы бұл көрсеткіш 50%-ды құраған болатын. Ал соңғы бес жылда балабақшалар саны 117 бірліктен 245 бірлікке дейін өсті, соның ішінде 76-сы жекеменшік. Апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды оқытуды жою мәселелері толығымен шешілді. Жыл сайын бірінші сыныпқа баратын балалардың саны артып келеді. Егер өткен жылы бірінші сыныпқа 2872 бала барса, биыл 3249 баланы құрап отыр, - деп атап өтті Бану Нұрғазиева.
Облыста жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар, бірінші кезекте, халықты жұмыспен қамтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, облыс кәсіпорындарында жаппай жұмыстан босату фактілерін болдырмауға бағытталған. Жыл басынан бері 17 837 жұмыс орны құрылды. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында Маңғыстауда 2015 жылы «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасы қабылданды. Аталған құжат алдымен жастарды кәсіптік оқытудан өткізу және басым бағыттағы жұмыстарға орналастыру арқылы өңіраралық еңбек мобилдігін арттыруға бағытталған.
«Қазіргі уақытта осы жұмыстардың нәтижесін көріп отырмыз. Мысалы, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Жетібай және Мұнайшы ауылдарының 153 жұмыссыз жастары Ақтау қаласындағы кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылды. Барлығы жатақханамен қамтамасыз етілді. Ал кәсіптік оқыту барысында «Каспио пласт» және «Ақтау солтүстік теңіз терминалы» компанияларының тапсырысы бойынша Қарақия ауданы мен Жаңаөзен қаласының жұмыссыз 40 жас тұрғыны оқудан өтіп, жұмысқа орналастырылды. «Ерсай» компаниясынан кадрларды дайындауға 1400 маманға тапсырыс түсті. Осы жұмыстарды әрі қарай жалғастыру үшін Ақтау қаласында және Құрық ауылында әрқайсысы 500 орындық 2 жатақхана салынады. Мұндай жатақхананы Форт-Шевченко қаласына да салу жоспарлануда», - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда