- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда МЖӘ аясында 320 орындық балабақша ашылды (ФОТО)
Талдықорғанда МЖӘ аясында 320 орындық балабақша ашылды (ФОТО)
Облыс әкімі А. Баталов балалар мен олардың ата-аналарын, жаңа мекеме ұжымын қуанышты жаңалықпен құттықтап, істеріне табыс тіледі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытып келеміз. Бүгін, міне, кезекті қуанышты күн. Кәсіпкерлердің көмегімен тағы бір жаңа балабақша ашып отырмыз. Қаланың кішкентай тұрғындарын, олардың ата-аналарын, балабақша ұжымына сәттілік тілеймін», - деді облыс басшысы.
Ашылу салтанатынан кейін облыс әкімі балабақша ғимаратын аралап, музыкалық залды, дене шынықтыру залын көрді. Мекеменің бір тобына кіріп, балаларға ойыншықтар мен теледидар тарту етті.
Талдықорған қаласының 6-шағын ауданындағы бұл балабақшаның құрылысы 2015 жылдың тамыз айында басталған болатын. Жалпы алаңы - 2500 шаршы метр. Балабақша мемлекеттік тапсырысқа енгізілген. Мұнда 16 топ ашылып, 100-ге жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілмек.
Жалпы, бүгінгі күні Талдықорған қаласында 7998 бала мектепке дейінгі мекемелерге барады. 16 мемлекеттік, 29 жекеменшік балабақша және 9 мектеп жанындағы шағын орталықтар жұмыс істейді.
Облыста биылғы жылы 84 балабақша салынса, соның 78-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша жүзеге асырылуда.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды