- Басты
- Жаңалықтар
- Коммерциялық сервистер бойынша ЭКСПО табысы 500 мыңнан астам еуроны құрайды
Коммерциялық сервистер бойынша ЭКСПО табысы 500 мыңнан астам еуроны құрайды
Ұлттық компанияның коммерциалау департаменті директорының орынбасары Илья Уразаков «ЭКСПО-2017 Көрмесінің коммерциялық сервистері» бағдарламасымен таныстырды.
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында: дәріханалар, төлем сервистері, ҚР бойынша турлар ұйымдастыру қызметтері, баспахана, өндірістік, жөндеу қызметтері, ұйымдастырушылық техниканы жалға беру, фото және бейне түсірілімдер, жөндеу қызметтері, автокөлікті жалға беру, аударма қызметтері, ателье, заң қызметтері, консалтингілік қызметтер (бухгалтерлік) және т.б. сынды коммерциялық қызметтерге ықтымал орындаушыларды іздеу бойынша байқау ұйымдастыруда.
Ұлттық компанияның коммерциялау департаменті жүргізген талдау нәтижесі бойынша, бүгінгі таңда көрме шеңберінде көрсетілетін 25-30 коммерциялық сервис бар. Әрбір пункт бойынша 3-6 компанияларды іріктеу жоспарлануда. Бұл сервистерді қамтамасыз ететін қызметкерлер саны - 5-10 мыңды құрайды. Коммерциялық сервистер бойынша ЭКСПО табысы 500 мыңнан астам еуроны құрайды деп болжануда.
«Іріктеу рәсімі қарапайым және ашық. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қазірдің өзінде құжаттарды қабылдай бастайды. Алдын ала қарау және құжаттаманы талдағаннан кейін біз сіздерді комиссияға шақырамыз, онда компания өкілдері презентация жасайды. Іріктеу екі критерий бойынша жүргізіледі: бірінші – компанияны, оның жұмыс тәжірибесін бағалау және екіншісі - кәсібилігі» – деді Коммерциялау департаменті директорының орынбасары.
Барлық қалаған тұлғалар қажетті құжаттамамен ұлттық компания сайтында жақын уақытта таныса алады.
ЭКСПО Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта Астанада өтеді. Оған 100 ел, 10-нан аса халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ келеді деп күтілуде.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді