Алматыда археологияны дамыту бойынша халықаралық конференция өтеді

4 Желтоқсан, 2013 15:03
«Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 5 желтоқсанында «Қазақстан археологиясы: қорытындылары және келешегі» атты конференция өткізіледі, деп «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 5 желтоқсанында Археология мұражайының 40 жылдығына орай «Қазақстан археологиясы: қорытындылары және келешегі» атты конференция өткізіледі», - делінген хабарламада.

Конференция барысында еліміздің атақты ғалымдары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академиктері, атақты археологтар, профессорлар баянадама  жасайды.

Археология мұражайы 1973 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы Археология институтының жанынан республиканың археологиялық материалдарын сақтап, тұрақты түрде ғылыми зерттеу мақсатында ашылған.

Аталмыш мұражайдың бай топтамасы, ерекше экспонаттары бүкіл әлемдік ірі көрме алаңдарының назарын өзіне  сан мәрте аудартты. Биыл мұражайдың халыққа қызмет көрсеткеніне   40 жыл толды. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар