- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда автобустар құрастыру зауыты пайда болады
Алматыда автобустар құрастыру зауыты пайда болады
Қала әкімдігінде хабарланғандай, «FalconEuroBus» компаниясы жобаға 24 млрд теңгеден артық қаражат инвестициялайды. Құрылыс кезінде отандық материалдардың 90%-ы қолданылады. Зауыт ең заманауи жабдықпен жарақтандырылады.
Жалпы ауданы 7 гектарды құрайтын жер учаскесінде әкімшілік ғимарат, құрастыру және бояу цехтарын, қосалқы бөлшектерге арналған екі қойма, жөндеу аймағын, жанармай құю станциясын, 255 автобусқа арналған жабық көлік тұрағын, сондай-ақ жүргізушілерге арналған оқу орталығын салу жоспарлануда.
«Ағымдағы жылдың желтоқсанында паркке Германиядан еуро 5 экологиялық стандартының алғашқы 20 автобусы, ал кейін тағы 50-і келіп түседі. Ал келесі жылдың ортасында неміс маркасының автобустары Алматы қаласында жинау жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Бұл ауа баптағыштармен жарақтандырылған 12 және 18 метрлік қолайлы қалалық автобустар. Осы жобаның іске асырылуы 1300-ге жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп түсіндірді әкімдікте.
Бұрын Алматы қаласының мәслихаты Алатау ауданында тағы бір жаңа коммуналдық автобус паркінің құрылысы жобасын мақұлдағанын еске саламыз, оған бюджеттен 5,1 млрд. теңге қаражат бөлінеді.
Қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту «Алматы 2020» даму бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өту қажет.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу