Әскери полиция жаңа темір тұлпарларға ие болды

4 Желтоқсан, 2013 17:34
ҚР Тұңғыш Президентінің Күні әскери полиция жаңа темір тұлпарларға ие болды, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының бастығы полковник Тимур Дәндібаев әскери полиция органдарының бастықтарына жаңа автомашиналардың кілттерін табыс етті. 2 «SsangYong» жолсыз жерде жүруге арналған көлігі, 5 «Газель» микроавтобусы және 16 «Нива»жеңіл автокөлігі әскери полиция органдары бөлімшелерінің қызметтік машиналар паркін толықтырды», - делінген хабарламада.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, олардың алдын алу, әскери полиция органдары қызметінің басым бағыты болып табылды.

Келесі жылы олардың алдында әскер ортасында құқықтық тәртіпті қолдау, нәтижелілік пен жеделдікті арттыру, әскери тәртіптің жай-күйін сапалық жақсарту жөніндегі міндеттер тұр.

Барлық жаңалықтар