- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат ҰОС қатысушыларына арналған кепілдіктер мен жеңілдіктерді өзара тану келісіміне енген өзгерістерді қабылдады
Сенат ҰОС қатысушыларына арналған кепілдіктер мен жеңілдіктерді өзара тану келісіміне енген өзгерістерді қабылдады
«Аталған Келісім 1994 жылғы 15 сәуірде ТМД мемлекеттері үкіметтерінің басшыларымен қол қойылған болатын.Келісімнің қабылданған сәтінен бастап ТМД мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық саласында түбегейлі өзгерістер орын алып, ұлттық заңнамалары мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйелері қалыптасты». - деді ол.
Осыған орай, ТМД үкімет басшыларының Душанбе қаласында 2015 жылғы 30 қазанда өткен отырысында Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды. Атап айтсақ, келісімнің нормалары:
Біріншіден, ұлттық заңнамаға сәйкес азаматтардың тұрып жатқан жеріне қарамастан заттай жеңілдіктерді немесе ақшалай төлемдерді алуға теңдей құқығын;
екіншіден, ТМД қатысушы–мемлекеттерінің аумағына уақытша келген ардагерлерге берілетін кепілдіктер тізімін өзектендіру. Бұл орайда олар:
- уақытша келген мемлекеттің заңнамасына сәйкес ауырған, келеңсіз жағдайда, жарақат алғанда, улану және адам өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда медициналық ұйымдарда тегін жедел медициналық көмек алуға;
- тұрмыстық, сауда-саттық, қоғамдық тамақтану орындарында, қоғамдық көлікте, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында, байланыс, мәдени-ағартушылық ұйымдарында уақытша келген мемлекеттің заңнамасына сәйкес кезектен тыс қызмет алу құқығы қарастырылды.
Үшіншіден, Хаттамамен бұрынғы Украина (КСР), Беларусь (КСР), Литва, Латвия, Эстония аумақтарындағы 1944 жылғы 1 қаңтар мен
1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде заңсыз құрылымдар мен топтарды (бандитизмді) жою жөніндегі ұрыс операцияларына тікелей қатысқан адамдарды қосу арқылы Келісімнің аясы кеңейді.
Тиісті құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасында аталған санатқа жататын 29 адам бар. Олардың барлығы Ұлы Отан соғысы қатысушысы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алады және тиісті әлеуметтік кепілдіктермен қолдануда.
Төртіншіден, бұрынғы Кеңес Одағының әскери қимылдарына қатысқан адамдардың санаттарын анықтау үшін бірдей әдістерді қолдану мақсатында Келісімді олардың қатысуымен ұрыс қимылдар жүргізілген мемлекеттердің, қалалардың, аумақтар мен кезеңдердің тізбесімен толықтыру ұсынылған.
Жалпы Хаттаманы ратификациялау Келісімде қарастырылған азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктеріне деген құқығын одан әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді