- Басты
- Жаңалықтар
- И.Тасмағамбетов: Қазақстан үшін Тәуелсіздік айрықша маңызға ие
И.Тасмағамбетов: Қазақстан үшін Тәуелсіздік айрықша маңызға ие
«Біздің еліміз үшін Тәуелсіздік айрықша маңызға ие. Бұл мерейтой ерекше мереке ретінде Тұңғыш Президентіміздің жаңа Қазақстанның қалыптасуына қосқан қомақты үлесін көрсетеді. Кез-келген мерейтойлық кезең – бұл өткен жолымызды саралап, болашағымызды бағамдауға берілген үлкен мүмкіндік», - деп атап өтті И. Тасмағамбетов.
Вице-премьер атап өткендей, бүгінгі күні ел Үкіметімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді. Өңірлердегі және қалалардағы барлық деңгейдегі басшылар осы жоспардың әрбір тармағын жүзеге асыру бойынша тиісті тапсырмаларды алды.
Аталған кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары әлеуметтік саланың бірқатар өзекті мәселелеріне тоқталды. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттарын айта келе, вице-премьер білім және ғылым, медицина, мәдениет пен спорт саласын дамытуға күш жұмылдырудағы маңызды міндеттерді шешу қажеттігіне тоқталды. Сонымен бірге, Тасмағамбетов кәсіптік және техникалық білім жүйесінің беделін көтеруге назар аударды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру мәселесі де байыпты жұмысты қажет етеді.
Кеңесте елдегі рухани-идеологиялық қалыптасу мәселесі, мемлекеттік ақпарат саясатының жаңа бағдары мен «Мәдени мұра» бағдарламасын ұстану мәселесі кеңінен талқыланды.
Вице-премьер жұмыс кеңесін қорытындылай келе, қарастырылған мәселелердің тез арада орындалуы тиіс тапсырмалардың маңыздылығын атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады