- Басты
- Жаңалықтар
- Қытайлық инвесторлар СҚО-да логистикалық орталықты салуға ниетті
Қытайлық инвесторлар СҚО-да логистикалық орталықты салуға ниетті
Қонақтарды қарсы алған СҚО әкiмi Ерiк Сұлтанов өңiрдiң экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуетiне, қытайлық компаниялармен жұмыс iстеу тәжiрибесiне тоқталып өттi.
«Бүгiнде бiр қытайлық компания өңiрде зауыт құрылысын жүргiзiп жатыр. Жоспарда әлi 7-уi бар. Қытаймен алдағы уақытта да жұмыс iстеуге дайынбыз. Былтырдан берi ұн мен бидай табысты экспортталып келедi. Бiздiң ұнымыз әлем бойынша үздiктердiң қатарында», — деп атап өттi Ерiк Хамзаұлы.
Сондай-ақ, өңiр басшысы Қазақстандағы инвесторлардың тиiмдi жұмысы мен бизнестi дамытудағы ұсынылатын артықшылықтар жөнiнде айтып өттi.
Өз кезегiнде Ляочен қаласы мэрiнiң орынбасары Чен Пинг облыс әкiмiне қонақжайлылығы үшiн алығысын бiлдiрiп, Шандунь провинциясы жөнiнде айтып өттi. Өңiрдiң 8 ауданы мен 3 экономикалық аймағында 6 миллион адам тұрады. Өлке негiзiнен түстi метал өңдеумен және химиялық қайта өңдеу өндiрiсiмен, сондай-ақ егiншiлiкпен айналысады.
Аспан асты мемлекетiнiң өкiлдерi солтүстiкқазақстандықтармен ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.
«Сiздердiң ауыл шаруашылық кешендерiңiз жақсы дамыған. Бiз сiздермен жұмыс iстегiмiз келедi. Өңiрлерiңiзде логистикалық орталық құруды жоспарлап отырмыз. Ұзақ уақыттан берi ойлаған жобаны жақында жүзеге асырамыз деп сенемiн. Ең алдымен инвестиция құятын боламыз. Алдағы уақытта бiрiккен кәсiпорындар құру жоспарда бар», — дедi Ляочен қаласы мэрiнiң орынбасары Чен Пинг.
Кездесудi қорытындылаған облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов инвесторларға көзделген жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсететiлетiндiгiн жеткiздi.
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
А.Салиев: Елде вакцина шығару логистикалық шығынды қысқартуға, медұйымға тез жеткізуге мүмкіндік бермек -
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Astana Hub: Инвесторлар мектебі мен Invest Day жұмысы қорытындыланды -
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мектептен басталады -
Astana Hub: Инвесторларға арналған курсқа қалай қатысуға болады -
«СҚ-Фармация» логистикалық хабында қанша дәрі-дәрмек бар -
"Инвесторлар мектебі" мен Invest day 2020 іс-шарасының қорытындысы шықты -
Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті -
Қытайлық дәрігерлер Қазақстанның коронавируспен күресу шараларына оң баға берді -
Экологиялық мәдениетті арттыру бойынша эко-сабақ өтті -
АШМ отандық нарыққа қазақстандық алманы қайтаруға ниетті -
Инвесторлар Қазақстанның АӨК-не бір миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды -
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық пестицидке тыйым салды