- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өткен жәрмеңкеде 60 астам жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды
Астанада өткен жәрмеңкеде 60 астам жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды
«Жәрмеңке азаматтардың барлық санаттарына арналған. Бүгін түрлі салаларда мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылып отыр. Бұл жолы қызмет көрсету саласына баса назар аударылады. Елордада жақсы дамығандықтан мұнда кадрлар жетіспеушілігі байқалады. Жалпы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бос жұмыс орындарының арқасында 300-ден астам адам жұмыс тапқан», - дейді Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің басшысы Дидар Садықов.
Жәрмеңке барысында гид-экскурсоводтар мен тәрбиешілердің үш айлық курстарына да жазылуға болады. Оқу орталықтары өткізетін курстар Жұмыспен қамту орталығымен ұйымдастырылады, сабақтар тегін өткізіледі және стипендия төленеді.
Биыл жұмыссыз азаматтарға арналған тағы да екі жәрмеңке өткізілмек.
«Меніңше, бұл жұмыссыз жүрген немесе қосымша жұмыс іздеген адамдарға арналған жақсы шара. Жұмыс іздегеніме көп болды, жәрмеңкеге тәрбиешінің жұмысын іздеп келдім, - дейді астаналық Әлима Омарова.
Жалпы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, қалалық Жұмыспен қамту орталығына 9125 адам жүгінген, 7382 адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді, 5180 адам жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда, 486-сы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жастар практикасына жіберілді, 107 астаналық әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды. Ал 623-ідайындау, қайта даярлау жне біліктілікті арттыру курстарын бітірді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары