- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы жәрмекеге ақтөбелік аграрилер 400 тонна өнім жеткізеді
Астанадағы жәрмекеге ақтөбелік аграрилер 400 тонна өнім жеткізеді
Астанада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында өңірлер күні жалғасуда. Аталмыш акция ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр.Осыған орай, 1-2 қазан күндері Астана тұрғындары мен қонақтары Ақтөбе облысының жетістіктерімен таныса алады.
«Еліміздің мерейтойы қарсаңында Ақтөбе облысында әлеуметтік-мәдени және өндірістік нысандардың ашылуына, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуына баса назар аударылуда»,-деді Асқар Шериязданов баспасөз конференциясы барысында.
Жәрмеңкеде «Айс+» ЖШС, «Молочные истории-А», «АНДИ», «Рамазан», «Ақтөбе-Нан», «Степное», «Рокос», «Габор», «Изет Грин Хаус», «Ақтөбе жылыжай», «Агрофирма Көктем», «Пригородный» және «Ақтөбе Фудс» өз өнімдерін шығаратын болады.
26 қыркүйектен бастап Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ақтөбелік жазушылардың, ақындардың шығармашылық кештері, қайырымдылық акциялары, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмелері өтіп жатыр.
1-2 қазанда «Хан шатыр» сауда ойын-сауық кешенінде облыстың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласының кәсіпкерлерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді. Жергілікті ауыл шаруашылықөнімін өндірушілер 400 тоннадан астам өнімді, соның ішінде 100 тонна ет, 25 тонна балық, 100 тонна көкөніс, 24 тонна сүт өнімдерін, 17 тонна өсімдік майын және т.б. сатуға шығаруды жоспарлап отыр.
Индира Кауметова
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы артты -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
АШ: Отандық асыл тұқымды өнімнің бәсекеге қабілеттілігі арттырылады -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады