• Басты
  • Мәжіліс депутаты Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығының нысандарын аралады
15 Тамыз, 2013 00:00

Мәжіліс депутаты Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығының нысандарын аралады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракция мүшесі Майра Айсина мен «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов Ұлттық ғарыш орталығының құрылыс нысандарында болды.
Мәжіліс депутаты Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығының нысандарын аралады

Онда Мәжіліс депутаты «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның жүзеге асырып жатқан жобаларымен танысты. Шара депутаттың сайлаушылармен жүздесулері аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Тоқтала кететін жайт, депутат М. Айсина салынып жатқан инновациялық кластердегі партиялық бақылау постына жетекшілік етеді. Осыған орай, депутатты жұмыс барысымен таныстырған «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК Президенті Ғабдуллатиф Мырзақұловтың айтуынша, нысан аумағындағы 30 гектарға төрт суперзаманауи жаңа зауыттар орналасатын болады. Ғарыш аппараттарын сынақтан өткізу мен басқару қондырғыларын шығаруға арналған зауыттардың аумағында инфрақұрылым толықтай қамтамасыз етіліп, әкімшілік және әлеуметтік блоктар да бой көтермек.

Майра Айсина 3 құрылыс нысанын аралап, олардың тапсырылу мерзіміне де назар аударды. Тоқтала кететін жайт, бүгінге дейін жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің жерүсті кешені 97-98 пайызға, дәлділігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымының орталығы 60 пайызға және де құрастыру-сынау кешені базасындағы ғарыш аппараттарын монтаждау және сынау бойынша мекеменің құрылысы 14 пайызға салынып біткен. Ал Ұлттық ғарыш орталығын толығымен іске қосу 2017 жылға жоспарланған. Мәжіліс депутаты салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығының нысандарын аралап, қызметтерімен танысу барысында еліміздің ғарыш саласына қажетті мамандар әзірлеу мәселесі жайында да сөз қозғады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды