• Басты
  • Астанадағы хаб БҰҰДБ-мен бірге мемлекеттік қызмет саласында ауқымды зерттеу әзірледі
28 Қыркүйек, 2016 13:02

Астанадағы хаб БҰҰДБ-мен бірге мемлекеттік қызмет саласында ауқымды зерттеу әзірледі

Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірік хаб пен БҰҰ Даму бағдарламасының Сингапурдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру Ғаламдық орталығы «Мемлекеттік қызмет дамуындағы жаһандық және аймақтық трендтер» атты кең көлемді зерттеуді аяқтады, деп Хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Астанадағы хаб БҰҰДБ-мен бірге мемлекеттік қызмет саласында ауқымды зерттеу әзірледі

«Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб 2013 жылы 25 ел және 5 халықаралық ұйым қатысуымен құрылды. Бүгінгі күні қатысушылар саны ЭЫДҰ, ТМД, Еуразия, ASEAN мемлекеттерін қамтитын 34 ел және 5 халықаралық ұйымға дейін өсті. Хабтың сарапшылар реестріне 25 елден мемлекеттік қызмет саласындағы 85 үздік маман кіреді»,-деді А.Байменов.

"Бұл зерттеу - мемлекеттік басқару саласындағы жетекші халықаралық ғалымдар мен практиктердің теориялық негіздемелері мен қолданбалы тәжірибелерін тоғыстыратын бірегей, теңдессіз жұмыс. Сарапшылар мұндай шолудың алғаш рет жасалғанын атап өтті, бұған дейін мемлекеттік қызмет дамуындағы жаһандық және өңірлік трендтерді зерттеу бойынша әлемде дәл осындай ауқымды жұмыс болмаған. Бұл зерттеу әлемнің әр аймақтарының ғалымдары мен практиктерін біріктіретін Хабтың кең институционалды және сарапшылар желісі құрылғаны арқасында жүзеге асты. Еңбектің авторлар ұжымы әлемге танымал, жетекші сарапшылардан тұрады" - деді Әлихан Бәйменов.

Сонымен қатар, Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ, ТМД елдері мемлекеттік қызметінің дамуы мен реформалануының соңғы жиырма жылдағы негізгі үрдістері осы еңбекте көрініс тапқан.

Қазіргі кезде тек қана ағылшын тілінде жарық көрген еңбек туралы, ондағы қамтылған тақырыптар төңірегінде өз пікірін білдірген Сингапурдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру Ғаламдық орталығының директоры Макс Эверест-Филлипс бұл кітаптың мемлекеттік қызмет істерінде өте бір маңызды мәселелерді көтергенін айтады.

"Астанадағы Өңірлік Хабпен бірлесе қызмет атқарғанымызға қуаныштымын. Бұл еңбекте қандай тақырыптар қамтылып, кімдер автор болғанын жаңа Бәйменов мырза айтып өтті ғой. Менің айтайын дегенім, осы еңбек арқылы біз мемлекеттік қызмет пен азаматтар арасындағы тұрақтылықты артырады. Сонымен бірге, әр елдің мемлекеттік қызмет саласында өзіндік ерекшелігі бар. Бұл тұрғыда осы еңбектің алар орны ерекше" - дейді Ғаламдық орталықтың директоры.

Айта кетйік, Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб 2013 жылы 25 ел және 5 халықаралық ұйым қатысуымен құрылды. Мемлекеттік басқару саласындағы 30-дан астам беделді халықаралық ұйым - Хабтың тұрақты серіктестері, оның ішінде, Мемлекеттік басқару бойынша Америкалық қоғам (ASPA), Азия мемлекеттік басқару қауымдастығы (AAPA), БҰҰ Даму Бағдарламасының  Сингапурдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша Жаһандық орталығы, Қытай мемлекеттік басқару академиясы бар. 2016 жылы 19-шы сессияда БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғарғы деңгейдегі Комитеті Астанадағы хабтың жұмысын жоғары бағалап, Хаб моделін көпжақты ынтымақтастықты дамытудың үздік үлгісі ретінде әлемнің барлық өңірлерінде тарату туралы арнайы шешім қабылдады. 2014 жылы Хаб Оңтүстік-Оңтүстік форматындағы ынтымақтастық бойынша БҰҰ Басқармасының арнайы сыйлығымен марапатталды.

Индира Қауметова

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды