• Басты
  • Зейнетақы қаражатының қайтарылуы ашық әрі тиімді түрде өтеді – Ақышев
28 Қыркүйек, 2016 12:06

Зейнетақы қаражатының қайтарылуы ашық әрі тиімді түрде өтеді – Ақышев

Зейнетақы қаражатының қайтарылуы ашық әрі тиімді түрде өтеді.Бұл туралы ол Мәжiлiстiң жалпы отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Зейнетақы қаражатының қайтарылуы ашық әрі тиімді түрде өтеді – Ақышев

«Былтыр Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын инвестициялау бойынша шешiм қабылдау процесiне айтарлықтай өзгерiстер енгiзiлдi. Инвестициялаудың негiзгi бағыттарын қазiр Мемлекет басшысы басқаратын Ұлттық қорды басқару кеңесi ұсынады. Яғни, зейнетақы қорының қаражаты қайда бағытталатыны бойынша негiзгi шешiмдердi осындай деңгейге шығарамыз. Тиiсiнше бұл мәселеге үлкен жауапкершiлiкпен қараймыз. Бiрiншi кезекте, қаржының сақталуы, салымның сенiмдiлiгi қамтамасыз етiледi. Одан кейiн барып салынған қаражаттың табыс әкелуiне көңiл бөлемiз», - дейдi Д.Ақышев.

Оның айтуынша, қазiргi уақытта Ұлттық банктiң Бiрыңғай жинақтау зейнетақы қорын басқару бойынша барлық операциялары ашық әi қолжетiмдi. Зейнетақы қоры өз инвестициялық декларациясын тұрақты түрде жариялайды, осылайша қор инвестициялайтын бар қаражатты әркiм көру мүмкiндiгiне ие.

«Екiншiден, қазiргi ставкалар нарықтық көрсеткiшке жақын, тiптi кейде жоғары. Тиiсiнше бұл Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жоғары табыстылығын қамтамасыз етедi. 2016 жылдың бiрiншi жартыжылдығында қордың табысы инфляция деңгейiн айтарлықтай басып озды. Ақшаны қайтару мәселесiне келсек, қазiрi уақытта барлық инвестиция сенiмдi. Бүгiнде зейнетақы активтерiн басқару саясаты тиiмдi деп есептеймiн», - деп сендiрдi Ұлттық банк төрағасы.

Қаражатты қайтар мәселесіне келетін болсақ, қазіргі таңда барлық инвестициялар  мейлінше сенімді.

«Ақшаны инвестициялау  бойынша бірқатар  жағдайлар бар, 10 жылдық  уақытта  жеке  меншік  жинақтаушы қорларды біріктіру кезінде  160 млрд теңгенің проблемалық активтері байқалды. БЖЗҚ Ұлттық банкпен бірлесіп  соңғы екі жылда  талаптық жұмыстарды жүзеге асырды.  Шаралар аясында қарыз көлемі 60 млрд теңгеге азайды. Бұл барлық зейнетақының  1 пайыздық мөлшерін құрайды. Қазіргі зейнетақы  қорын басқару саясаты өте тиімді болып болып отыр», - деді ол.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды