- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сұлтанов: Республикалық бюджет шығындары 2016 жылы 8 646,7 млрд теңгені құрайды
Б.Сұлтанов: Республикалық бюджет шығындары 2016 жылы 8 646,7 млрд теңгені құрайды
«Республикалық бюджет шығындары 2016 жылы 8 646,7 млрд теңгені құрайды, ол нақтыланған жоспардан 379,9 млрд теңгеге жоғары. Бюджеттік шығын бағытын нақтылаудың басым бағыттары: экономикалық өсімді 283,4 млрд теңгеге жеткізуге ынталандыру. Оның ішінде: АӨК қолдауға – 97,3 млрд теңге, индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыруға – 11.9 млрд теңге, көліктік инфрақұрылымды дамыту – 74,2 млрд теңге», - деді Б.Сұлтанов.
Сондай-ақ, қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларға 70,2 млрд теңге бағытталады. Оның ішінде 42,7 млрд теңгесі Елбасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тәртібінің нығаю тапсырмасын орындауға бағытталады.
«Шығын бөлігіне жобалар бойынша міндеттерді орындау 136,4 млрд теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің уақытылы ұйымдастырылуы мен дайындығын жеделдету мақсатына 33,5 млрд теңге, «Назарбаев Университеті» ААҚ ғылыми және білім нысандары құрылысын «ЭКСПО-2017» нысандарымен синхрондауға 53,3 млрд теңге, «Астана жаңа көліктік жүйесі» жобасының мемлекеттік кепілдендіруі бойынша мемлекеттік емес қарызды қаржыландыруға 27,1 млрд теңге бағыттау қарастырылған», - деді ол.
Министрдің айтуынша, бюджеттік шығынның тиімділігін арттыру мен жыл соңында игерілеу мәселесіне душар болмау мақсатында бюджетті нақтылау жобасында экономика жағдайында қаражатты қайта бөлу бойынша әкімшілердің ұсыныстары есепке алынды.
Ботагөз Айтжанова
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі