Қазақстанның өндірушілері Санкт-Петерборда өз өнімдерін таныстырды

28 Қыркүйек, 2016 18:16
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» Ресей Федерациясындағы Қазақстанның Елшілігімен, Санкт-Петербордағы ҚР Бас Консулдығы мен Санкт-Петербор сауда-өндірістік палатасымен бірлесіп Санкт-Петерборда қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясын өткізді.

«KAZNEX INVEST»  ұлттық агенттігінің ақпараты бойынша,  сауда миссиясы барысында  13 қазақстандық  өндіруші трансформатор, конденсатор, Smart POS терминалдар, шыны шығару, бояу өнімдері, құрғақ құрылыс қоспалары, изоляциялық  материалдар, дәрі-дәрмек, медициналық   өнімдер, санитарлық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз өнімдері, астық  және техникалық тұз өнімдерін таныстырды.

Осыған орай, компания   Санкт-Петерборда  құрылыс, қала құрылысы және сәулет, энергетика мен инженерлік қамсыздандыру  және денсаулық сақтау комитетінде кездесулер өткізді.

Сондай-ақ,  «KAZNEX INVEST»  хабарлағандай, аталмыш бизнес-форум аясында Санкт-Петерборда қазақстандық компания   лак бояу өнімін өндіретін фирмалық дүкенді ашты. Трансформаторлық қондырғы шығаратын компания өңірде қойма ашуды жоспарлауда. 

Барлық жаңалықтар