- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы бастамалары МАГАТЭ- нің Бас конференциясында айтылды
Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы бастамалары МАГАТЭ- нің Бас конференциясында айтылды
164 мүше елдің делегациясы жыл сайынғы МАГАТЭ баяндамасы мен физикалық ядролық қауіпсіздік баяндамасы, агенттіктің бюджеті мен бағдарламасын қарайды. Бас конференцияның назарында ядролық энергетиканы дамыту перспективалары, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың нығаюы, ядролық энергияның бейбіт қолданылуы, техникалық ынтымақтасты, кепілдіктің тиімділігі мен қызметтілігін арттыру мәселелері болды.
Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі, Қазақстанның Австриядағы елшісі Қайрат Сарыбай қазақстандық делегацияға төрағалық етті, делегация құрамына Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, «Қазатомөндіріс» АҚ, Ұлттық ядролық орталық өкілдері енді.
Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, қазақстандық делегация басшысының баяндамасында ядролық қаруды таратпау саласындағы елдің жетістігі айтылды. Сондай-ақ, Қазақстанның МАГАТЭ-мен тиімді ынтымақтастығы талқыланды.
МАГАТЭ-ге мүше елдердің назары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамаларына аудартылды. Шараға қатысушылар Қазақстандағы МАГАТЭ төмен байытылған Уран банкі жобасын жүзеге асыру туралы ақпараттандырылды.
Делегация Еуропалық Одақ, Иран, Үндістан, Ресей, Аргентина, Монғолия өкілдерімен кездесті.
БҰҰ Веналық бөліміндегі Бас конференция кезеңінде «Қазатомөнеркәсіп» АҚ және Ұлттық ядролық орталықтың көрмесі қойылды.
СІМ хабарлағандай, МАГАТЭ Бас конференциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары