- Басты
- Жаңалықтар
- Нидерланд Қазақстанды өңірдегі негізгі серіктес ретінде қарастырады – СІМ
Нидерланд Қазақстанды өңірдегі негізгі серіктес ретінде қарастырады – СІМ
Кездесу барысында тараптар мемлекетаралық өзара байланыстың жоғары деңгейін атап өтті, ынтымақтастықтың нығаюына 2014 жылы Гаагаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары және өткен жылдың желтоқсанында Нидерланд Премьер-Министрі Марк Рюттенің Астанаға келуі себеп болды, деп хабарлады СІМ.
А. Брукерс-Кнол айтып өткендей, Нидерланд Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықтың дамуына ерекше көңіл бөледі, себебі ел Қазақстанды өңірдегі сыртқы саяси және сауда-экономикалық маңызды серіктес ретінде қарастырады.
Елші Парламент Сенатының басшысын Қазақстанның 25 жылда қол жеткізген жетістіктері мен Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХI ғасыр» Манифестіндегі бастамалары туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ, Астанадағы Саммитке дайындық пен 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілі ретіндегі басымдылықтар тілге тиек болды.
Қазақстандық дипломат өткен жылы жүзеге асқан Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастық пен серіктестіктің кеңеюі туралы келісімнің маңыздылығын атап өтті. Құжатты Нидерланд Парламентінің жеделдетіп ратификациялауын сұрады.
Тараптар іскерлік байланыс пен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің мүмкіндіктерін атап өтті. Көрмеде нидерландық павильон таныстырылады, оған қоса Нидерландының Ұлттық күнін өткізу жоспарланған (22 маусым 2017 ж.).
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев