- Басты
- Жаңалықтар
- «Агробизнес-2020» және «БЖК-2020» бағдарламаларын қайта қараудан түсетін қаржы ШОБ-ті несиелеуге бағытталады
«Агробизнес-2020» және «БЖК-2020» бағдарламаларын қайта қараудан түсетін қаржы ШОБ-ті несиелеуге бағытталады
«Біз «Атамекен» ҰКП басқармасы және екінші дәрежелі банктермен кездесу өткіздік, бәрінде несиелендіру мәселесі бар. Бізде мемлекеттік бағдарламаларды барлығы қолдайды, Мемлекет басшысы қосымша қаражат бөледі, бірақ, қазір «Агробизнес-2020» және «БЖК-2020» бағдарламаларын қайта қарау міндеті тұрғандықтан, оны жүзеге асыру керек, себебі бағдарламалар аясынан қомақты қаржы есептеп шығаруға болады. Егер ол жақтағы жағдайды қайта қарастыратын болсақ, түскен қаражатты отандық бизнесті несиелеуге бағыттай аламыз», - деді Үкімет басшысы министрлерге.
Бақытжан Сағынтаев орынбасары Асқар Мәминге мемлекеттік бағдарламалар мен қажетті жұмысты өз бақылауында ұстауын тапсырды.
Айта кетейік, Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтың баяндамасына сәйкес экономикадағы банктердің несие көлемі 2016 жылдың басындағы көрсеткіште сақталып, 1 қыркүйекте 12,7 трлн теңгені құрады. 8 ай ішінде 6,3 трлн теңгенің несиесі берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 млрд теңгеге жоғары.
«Шағын кәсіпкерліктің субъектілерін несиелеу 8 айда 728 млрд теңгеге ұлғайды, ол 35 пайызға өсім болғанын көрсетеді. Демек, бұл жерде ЕДБ қаражаты жұмыс істеді. Біз несиелік портфель көлемі өсетіндігін күтеміз», - деді ол.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар