ҚР Ұлттық Банкі «Жылқы жылы» ескерткіш монетасын шығарды

4 Желтоқсан, 2013 12:07
ҚР Ұлттық Банкі «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Жылқы жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды,деп банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 3 желтоқсаннан бастап «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Жылқы жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы хабарлайды», - делінген хабарламада.

«Жылқы жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталары он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2014 жылдың символы – жылқы бейнеленген және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

 

Барлық жаңалықтар