- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр барлық әлеуметтік нысандардың құрылысын 16 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырды
Премьер-Министр барлық әлеуметтік нысандардың құрылысын 16 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырды
«Елiмiзде 25 жылда 1 миллионға жуық отбасы баспаналы болды. 1400 мектеп, 1300 денсаулық сақтау нысандары iске қосылып отыр. Тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдығына дейiн қалған аз уақытта қалған нысандардың бәрiн уақытында бiтiрiп, тұрғындарға жұмысымыздың бiткенi туралы есебiмiздi беруiмiз қажет. Бүкiл шаруамызды бiтiруге мүмкiндiгiмiз жеткiлiкті. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020 жылға қарай 4,5 млн шаршы метр үй салу көзделген, оның iшiнде 1,7 млн шаршы метр жалдамалы үй, 2 млн шаршы метр кредиттiк баспана және 0,8 млн шаршы метр коммерциялық үй пайдалануға берiледi. Бұл мақсатқа 145 млрд теңге бөлiндi, оның iшiнде 2015 жылы жалдамалы және кредиттiк баспана салуға 122,5 млрд теңге, ал 2016 жылы жалдамалы баспана құрылысын жалғастыруға 22,5 млрд теңге қарастырылған», - деді ол.
Үкімет басшысы әкімдерге «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша есеп пен ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы аясында жұмыс кеңесі өтетіндігін мәлімдеді. Шараға екі елдің Мемлекет басшылары қатысып, облыс әкімдері, Астана және Алматы қалаларының әкімдері шақырылады.
«Келесі аптада Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді. Шараға барлық өңірдің әкімдері мен Астана, Алматы қалаларының басшылары шақыртылады. Біз «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке кеңес өткізуіміз мүмкін. Әкімдер бұл мәселе бойынша дайындалып келулеріңізді сұраймын», - деді Б.Сағынтаев.
Айта кетейік, Қазақстан мен Ресейдің ХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы екі Президенттің қатысуымен 2016 жылдың 3-4 қазан аралығында Тәуелсіздік сарайында өтеді. Форум аясында Қазақстан-Ресей бизнес форумын өткізу жоспарланған, оған үздік қазақстандық және ресейлік компаниялар қатысады. Форум аясында әр түрлі салаларда 30 екіжақты келісіміне қол қойылу жоспарлануда.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер