- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі 2018 жылы шешіледі
Қазақстанда үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі 2018 жылы шешіледі
«Бүгінде республика бойынша 156 апатты мектеп бар. Аталған мәселені 2018 жылдың соңына дейін толығымен шешу көзделген.Ондай мектептердің басым бөлігі Алматы мен Оңтүстік Қазақтан облыстарында орналасқан. Енді, былтыр 6 мектеп салынса, биыл 51 мектеп бой көтерді. Келесі жылы 99 мектеп ашылады. Жыл сайын оқушылардың саны да артып отыр. Сондай-ақ урбанизация мәселесі де бар. Сондықтан қалаларда мектептерді көптеп салу керек де есептейміз»,- деді Е.Сағадиев.
Ол айтып өткендей, урбанизацияға орай республика қалаларда кем дегенде 20 мектеп салу керек.
«Балалардың саны артып, урбанизация жүзеге асуда, меніңше, мектептерді қалаларда салу керек. Министрлік кем дегенде 20 мектеп салуы керек», - деді министр.
Бюджеттік қаржыға мониторинг жүргізу бойынша 3 млрд теңге игерілмей қалғаны мәлім болды.
Бүгінде білім және ғылым министрлігі мектептердің тапшылығына қатысты арнайы карта әзірлеп қойған. Оған сәйкес, 2018 жылдан бастап жыл сайын кемінде 50 мектеп салу қажет болады.
«Биыл қосымша 14 мектептің құрылысына бюджеттен қаржы бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Сонымен, биыл 68 нысанды бітіріп, 14 мектептің құрылысын бастау қажет. Бүгінде үш облыста 8 нысан салу мерзімі кешіктіріліп жатыр. Атырау қаласындағы «Нұрсая», Бірлік ауылындағы балабақша, Мақат аудандық Досор орта мектебі. Шығыс Қазақстан облысы бойынша үш нысан: Риддер қаласындағы Мичурин балабақшасы, Тарбағатай ауданы Жетіарал мектебі және Тарбағатай ауданы Ақжар мектебі. Астана қаласы бойынша екі нысан. Олар - 17 мектеп-гимназиясы мен 22 мектептің қосымша құрылысы. Осыған байланысты, аталған нысандарды уақытында аяқтап, пайдалануға беру туралы тапсырманы беруді сұраймын»,-деді білім және ғылым министрі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер