- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік сатып алу жоспары 3,30 трлн теңгені құрады
2016 жылдың қыркүйегінде мемлекеттік сатып алу жоспары 3,30 трлн теңгені құрады
«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, әрбір облыста мемлекеттік сатып алу және «Самұрық-Қазына» АҚ компания тобын сатып алу саласында отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жұмыс комиссиясы құрылды. Барлық жұмыс комиссиясында мемлекеттік сатып алу саласында облыс әкімдерінің орынбасарлары сатып алуды қадағалап отырады»,-деді ол.
ҰКП басшысының айтуынша, 2016 жылдың қыркүйек айының жағдайы бойынша бойынша мемлекеттік сатып алу жоспары 3,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде 1,2 трлн теңгенің келісім шарты жасалды.
«Шын мәнінде 286 млрд сома пайдаланылды,оның ішінде қазақстандықтарды қамту 182 млрд теңгені құрады немесе 63 пайыз»,-деді ол.
Ведомство басшысы айтып өткендей, бүгінгі күні Ақмола, Атырау, Жамбыл және Алматы облыстары комиссия жұмыстарын жетілдіруде.
«Алматы бойынша ұқсас отандық өнімдердің қатысуымен сатып алуға 3,3 млрд теңгенің импорттық тауарларын қолданудың 62 оқиғасы байқалды. Көбінесе, денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, энергетика және коммуналды шаруашылық саласында. Жұмыс комиссиясы осындай оқиғаларды болдырмау бойынша жұмыс атқарды. Оның нәтижесінде ОТП-мен 41 млрд теңгенің келісім шартына қол қойылды»,-деді А.Мырзахметов.
ШҚО бойынша ҰКП басшысы шамамен 30 млрд теңге сомасында сатып алу жоспары кезінде 25,5 млрд теңге сомасында келісім шарт жасалғандығын айтты, олардың ішінде ОТП-мен – 18,2 млрд теңгеге және ол 72 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, А.Мырзахметов Батыс Қазақстан облысында жұмыстың нашар жүргізіліп жатқандығын және Ақмола облысында жұмыстың тиімді жүргізілмей жатпағандығын айтып өтті.
Индира Қауметова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді