- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Дүйсенова денсаулық сақтау нысандарының құрылысы саласындағы проблемаларды атап өтті
Т.Дүйсенова денсаулық сақтау нысандарының құрылысы саласындағы проблемаларды атап өтті
«Қарағанды облысындағы 11 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын, - 95-100% орындалды. Осы нысандар бойынша жұмыс кестесінде кешігу (3 айға) болды, сондықтан сот істі қарап жатыр. 4 нысан құрылысы 70-95% аяқталды. Бұлар - Ақмола облысының Зеренді ауылында емхана, Қабанбай батыр ауылында дәрігерлік амбулатория, Қарағанды қаласында балалар ауруханасы, Қызылорда облысының Талсуат ауылында психоневрологиялық интернат үйі. Ақмола облысындағы емхананың ашылмай отырғанына медициналық жабдықты жеткізудің кешігуі себеп болып отыр», - деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова. +
Биыл Республикалық бюджет есебінен – 53, жергілікті бюджеттердің есебінен – 45 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда олардың 24-інің ғимараты дайын болған. Жыл соңына дейін тағы 52 нысан пайдалануға берілсе, келесі жылы – 22-сінің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Сонда ақ, 21 нысан бойынша бірқатар мәселелер туындаған.
Сондай ақ, тағы 6 нысанның ғимараты небары 70%-ға ғана дайын болған. ШҚО, Ақмола және Алматы облыстарының ауылдарында салынып жатқан үш дәрігерлік амбулаторияның құрылысы кешеуілдеп жатыр. Сапасына қатысты да туындаған мәселелер бар.
Ал Ақтау қаласында салынады деп жоспарланған Аймақтық ана мен баланы қорғау орталығы мен онкологиялық диспансерінің Жобалық сметалық құжаттамасыны қайта түзету енгізіліп жатыр.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері