• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыру мәселесі талқыланады

Астанада қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыру мәселесі талқыланады

4 Желтоқсан, 2013 11:55
Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңыш Президенті Мұражайында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары мен саяси ұстанымы» атты ғылыми бағдарламаны орындау аясында «Тәуелсіздік. Бірлік. Гүлдену» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды мұражайдың баспасөз қызметі.

«Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті, «Нұр Отан» партиясы өкілдері, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттар, Астана қалалық мәслихат депутаттары мен оқымысты-ғалымдар қатысты», - делінген хабарламада.

Шараға қатысушылар қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыруындағы күн тәртібіндегі мәселелерін және тәуелсіздік жылдарындағы республиканың заңнамалық дамуы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздік тарихындағы еңбектері айтылады.

Барлық жаңалықтар