- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет басшысы ІІМ министріне Алматы облысындағы қылмысты жеке бақылауына алуды тапсырды
Үкімет басшысы ІІМ министріне Алматы облысындағы қылмысты жеке бақылауына алуды тапсырды
«Қыркүйектің 20-сы күні бізге базарда мал сатамыз деп, үш азаматтың жоғалғаны туралы арыз түскен. Келесі жылы біз бір машинаны таптық. Біз олардың 41 бас малды сатуға алып шыққанын анықтадық. Ал қыркүйектің 23-і күні екінші жүк көлігін тауып алдық. Артынан жергілікті xалықтың қылмыскерлерге көмектескенін білдік. Олар жолда батпаққа батып кеткен. Сонда көмек берген жергілікті тұрғындардың арқасында қылмыскерлердің кім екенін анықтадық. Қылмыскерлер мал базарындағы ағайынды жігіттерге жолығып, ірі қараны толығымен алып кетеміз деп, алдап, бір шатқал жаққа алып барған. Сол жерде мал сатушы жігіттерді өлтірген. Ал мал мен адам мәйіттері тиелген жүк көліктерімен келе жатқанда батпаққа батқан.Сол кезде олар жергілікті xалықты көмекке шақырған. Қазіргі кезде қылмыскерлер ұсталды. Мылтық тәркіленді. Қылмыскерлер мәйітті көміп кеткен жерді көрсетті», - деп атап көрсетті Қ.Қасымов.
Министр айтып өткендей, бүгін қайтыс болған азаматтарды жерлеу рәсімі өтеді. Іс Алматы облыстық ішкі істер департаментіне тапсырылды.
Үкімет басшысы есепті тыңдап болған соң, министрге аталмыш істі өз бақылауына алуын тапсырды.
«Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыспен күрес – біздің жұмысымыздағы басты басымдық.Жақын арада біз бұл мәселелерді Үкіметтің отырысында талқылаймыз, Канцелярияға сәйкес тапсырма жүктелді», - деді Б.Сағынтаев.
Айта кетейік, Алматы облысында 18 қыркүйекте үш тұрғын жоғалып кетті. Үш ағайынды Ұзынағашқа мал сатуға барып, үйлеріне оралмады. Кейін олардың денелері зорлық-зомбылықпен өлтірілгені анықталды.
Облыстық ІІД мәліметінше, қазіргі таңда сотқа дейін зерттеу ҚР «Адам өлтіру» Қылмыстық кодексінің 99 бабы бойынша басталды. Қылмыс бойынша іс-әрекеттер Алматы облысының ІІД назарында.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары