- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да түйе сүтін өңдейтін зауыт ашылмақ
ОҚО-да түйе сүтін өңдейтін зауыт ашылмақ
Өңірдің әкімдігі хабарлағандай, шетелдік «Golden Camel Group LTD» компаниясы өңірде инвестиция құны 8 млрд. 30 млн. теңгеден астам қаржы болатын түйе сүтін қайта өңдеу жолымен қышқыл сүт өнімін өндіретін кәсіпорын салмақ. Тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдеуге қауқарлы өндірістің құрылысы қараша айында басталатын болады.
Түркістан қаласында бой көтеретін бұл зауыт іске қосылғанда 180 адам жұмыс орнымен қамтылады. Жаңа заводтың өнімі Қазақстанның басқа өңірлерінің нарықтары мен Қытай мемлекеті және Кеден одағы елдеріне экспорттау көзделуде.
Айта кетейік, халықаралық инвестициялық форумы аясында ОҚО әкімдігі мен шетелдік және отандық компаниялар өкілдері арасында құны 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын 40-тан астам ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын.
Бүгінде аталған жобалар кезең-кезеңімен іске асырылу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл өз кезінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретіні анық.
-
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға беріледі -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға берілмек -
20 маусымнан бастап халықаралық рейстер ашылмақ -
Ақсу қант зауытында жаңа маусымға дайындық жүріп жатыр -
Көксу қант зауыты жаңа маусымға дайындықты бастады -
Жамбыл облысында металл шлакты өңдеу зауытының құрылысы басталды -
Түйенің күл ауруына қарсы вакцина шығарыла бастады -
Алматы былғары зауытында былғары өнімдерін өндірудің тұйық циклі жасалды -
Созақта түйе басы 11 мыңнан асты