- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның үздік мұғалімдері ақшалай сыйлықтармен марапатталды (ФОТО)
Қазақстанның үздік мұғалімдері ақшалай сыйлықтармен марапатталды (ФОТО)
«Елімізде жыл сайын мектеп бітіруші түлектерге мамыр айында соңғы қоңырау соғылады. Бұл күні түлектердің де, олардың ата-аналарының да көздері жасқа толады. Бұл – Сіздердің еңбектеріңізге, бала тәрбиелеудегі ерліктеріңізге, күн сайын алғыс күтпей-ақ үлкен іс тындыратын жұмыстарыңыз үшін алғысқа толы көз жасы. Сіздер біздің қоғамдағы ең қажетті мамандық иесі боласыздар, қадірлі Ұстаздар!», - деген Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсiби мерекелерiмен құттықтап, тiлегiн айтты.
Д.Назарбаеваның қолынан сыйлық алған үздiк ұстаздың бiрi – Астана қаласы N 70 мектеп-лицейiнiң Биология пәнiнiң мұғалiмi Сарқайша Сағатбекова.
«Семей мемлекеттiк педагогикалық институтын бiтiргеннен бастап 16 жыл бойы ұстаздық жолда келемiн. Бұл жолды таңдағаныма ешқашан өкiнбеймiн. Өйткенi мен қаншама жетiстiктерге жетiп, мiне нәтижесiн көрiп отырмын. Бүгiнгi күн ерекше қуанышты күн. Тек қана мен үшiн ғана емес, бүкiл қазақстандық мұғалiмдер, педагогтар үшiн ерекше күн. Мен олардың барлығына шығармашылық табыс тiлегiм келедi», - дедi ұстаз.+
Жеңiмпаздың айтуынша, үздiк педагогтарға төсбелгi мен «үздiк ұстаз» мүсiнi сыйға тартылып, жүлде ретiнде 2 млн 121 мың теңгеден берiлдi.
Сурет: Бауыржан Жуасбаев
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді