- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Нұр Отан» партиясының саяси талдау орталығы ашылды (ФОТО)
Астанада «Нұр Отан» партиясының саяси талдау орталығы ашылды (ФОТО)
Орталық Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекші саяси күш ретінде партияның идеялар генераторы қажеттігі туралы тапсырмасының нәтижесінде ашылды.
«Белгілі «ой фабрикаларын» жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесін жан-жақты зерттеу негізінде бүгін жаңа орталық өз жұмысын бастайды. Осыған орай, біз әлемнің дамыған елдеріндегі ең жетекші партиялардың аналитикалық құрылымдарының жұмысын саралай келіп, сіздердің назарларыңызға жаңа орталықтың ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз. Бұл орталық Елбасымыз ұсынған қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси, стратегиялық бағытын жүзеге асыруды талдамалық жағынан қамтамасыз ететін болады», – деді М.Құл-Мұхаммед.
Орталықты әлеуметтік ғылымдар кандидаты Юлия Кучинская басқарады. Ашылу салтанатында ол әлемде осыған ұқсас 6500-ден астам талдау алаңы бар екенін атап өтті.
«Өздерінің стратегияларын жасап, әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттерін жетілдіруде, сондай-ақ, саяси шешімдер қабылдауда саяси партиялар талдау материалдары мен зерттеу топтарының болжамдарына сүйенеді. Енді бізде де АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Жапония және Еуропалық Одақтың жетекші саяси партиялары секілді өзіндік «ой фабрикамыз» бар», – деді Юлия Кучинская.
Стратегиялық зерттеулер орталығының басым бағыттары: жаһандық үдерістегі Қазақстан, жаңа шынайылықтағы ақылды экономика, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік және саяси бағдарламалардың нәтижелілігін бақылау, партиялық жүйенің дамуы, қоғамдық пікірге бақылау және болжау жасау.
Қазірдің өзінде орталықта 30 талдаушы мен сарапшы жұмыс істейді. Олардың арасында ғылым докторлары мен кандидаттары, Ph.D докторанттары мен магистранттары, «Болашақ» бағдарламасы мен Назарбаев Университетінің түлектері бар. Сарапшылық қауымдастықпен бірлескен жұмыс шеңберінде орталық «Sarap Time» пікір-сайыс және КИПР талдау клубтарымен өзара қарым-қатынас жасайды. Орталық жанында «Зерде» сараптама клубы бар.
Бұл – еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына қатысты өзекті сұрақтар бойынша ғалымдар мен сарапшылардың пікір-талас алаңы болып табылады. Шетел мамандарының тәжірибелерін тарту үшін орталық жанында халықаралық сараптамалық кеңес құрылған. Кеңес құрамында ірі сараптамалық «ой трестері» мен әлем университеттерінің, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Ресей, Израиль, Сингапур, Жапония және Оңтүстік Кореядан өкілдер бар.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады